Премьер-министр Amanat депутаттары алдында атқарылған жұмыстар туралы баяндады
Сурет: amanatpartiasy.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Amanat партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы "Адамдар – инфрақұрылымға" қағидатын бекіте отырып Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспары іске асырылып жатқанын жеткізді.
"Осы қағидаға сәйкес біз ауылдардағы, моно- және шағын қалалардағы инфрақұрылым деңгейін базалық стандарттарға жеткізетін боламыз. Аралас сайлау жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Қазақстанда адам құқықтарын қорғау саласында өлім жазасы біржола жойылды. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс істеліп жатыр". Премьер-министр
Смайыловтың сөзінше, үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттіктері кеңейтілді. Мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқартылды. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады.
Әлихан Смайылов:
"Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік салада жүйелі шаралар қабылданды. Жаңа Әлеуметтік кодекс еңгізілді. Ол азаматтарды туғаннан бастап егде жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдауды көздейді. Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл жәрдемақыны 750 мыңнан астам ана алады", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар премьер-министр мына жұмыстар туралы айта кетті:
- 1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4-ші сыныптағы балалары тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар биыл әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың баланың балабақшаларда тегін тамақтану мәселесі шешілді. Осылайша мемлекет осы санаттағы балалардың мектепке дейінгі білім беру шығысын өз мойнына алды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23%-ке артты. 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын саралап арттыру жүргізілді. Бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасы бойынша шығыстар 3 трлн. теңгеден асады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бектілді. Осыған байланысты зейнетақыға арналған шығыстар 800 млрд. теңгеден астам қосымша соманы құрайды.
- Биыл азаматтарға өз зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілді. Салымшылар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-ін өздері таңдаған жеке басқарушы компанияларға бере алады. Бұдан басқа, 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдаланды. Жыл басынан бастап үкімет Отбасының цифрлық картасын енгізді. 500 мыңнан астам қазақстандыққа проактивті әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript