Жаңалықтар тізбегі
0

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн – Тоқаев

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 12:51 Сурет: freepik
Мемлекет басшысы аймақтарға қатысты саясатта маңызды реформалар жүргізілгенін, соның нәтижесінде әкімдерді тікелей сайлау тәсілі еніп, әкімшілік реформа қолға алынғанын еске салды.

Мемлекет басшысы бұл ретте бюджетаралық қатынастарды түбегейлі өзгерту де өте өзекті мәселе екенін айтты. Жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек.

"Корпоративтік табыс салығынан және басқа төлем түрлерінен түсетін кірістің бір бөлігін өңірлерге беру оң нәтиже көрсетті. Былтыр аймақтар табысының өсімі 30%-дан асты. Сондықтан реформаның келесі кезеңінде осы норманы өзге де салықтарға, оның ішінде қосымша құн салығына да қатысты қолдану қажет. Мұндағы міндет – бюджеттің екінші деңгейіне кем дегенде екі триллион теңге қосымша қаражат беру. Кезең-кезеңімен жүргізілген фискалды орталықсыздандыру жұмысының нәтижесінде жергілікті бюджет кірісінің құрылымындағы республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттің үлесі орта есептен 25 пайызға дейін төмендеуге тиіс (қазір 50%-ға жуық)", - деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санайды. Бұл, ең әуелі, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет.

"Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн. Бұдан бөлек жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді".Тоқаев

"Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімдігі туралы ойлауы керек" деп қосты президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: