Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағы кім үміткер болды
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 5 қыркүйек күні Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысына әкім болып тағайындалды. Президенттің жарлығы шыққанға дейін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Нұрбол Жүнісбеков және Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қарауға ұсыну туралы хатын оқыды.
Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 142 депутат Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қолдады. 47 депутат Нұрбол Жүнісбековті қолдап дауыс берді.
Дауыс беруге барлығы 189 депутат қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript