Жаңалықтар тізбегі
0

Ералы Тоғжанов қызметінен босатылды

Ақтөбе облысы, Президент жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 13:26 Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 5 қыркүйек күні Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысы әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған құжатта.

Бұған дейін Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының облыс әкімін тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша жиналысы өтетінін хабарлаған едік.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "құқықтану", ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтынад "заңгер" мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған.

2020 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: