Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде жаңа әкім сайлануы мүмкін

Өскемен, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты, әкімді сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 13:53 Сурет: wikimedia/Iskanderov Damir
2023 жылғы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сайтында жарияланған ресми хабарландыруда көрсетілгендей, шара облыс әкімдігінің ғимаратында сағат 12:00-ге белгіленген.

Хабарландыруға қарағанда, кезектен тыс сессияда "Шығыс Қазақстан облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу" мәселесі қаралмақ.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар бір ғана қала бар. Ол – Өскемен. Қаланың қазіргі әкімі Жақсылық Омар, ол қаланы  2018 жылғы 20 тамыздан бері басқарып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауындааудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау мәселесін көтерді. Ол екі жылдан астам уақыттан бері қазақстандықтардың ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін өз бетінше сайлап келе жатқанын атап өтті. Президент аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды сынақтан өткізетін кез жеткенін айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: