СІМ Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша Қазақстан ұстанымына қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі:
"Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript