Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Германияда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев, Германия, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 19:16 Сурет: akorda.kz
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы орталықазиялық әріптестерімен бірге Германия экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) дөңгелек үстеліне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелеріне тоқталды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Біздің аймақ – Еуразия кеңістігін байланыстырушы бірегей стратегиялық орталық. Негізгі сауда-экономикалық дәліздер елдеріміздің аумағы арқылы өтеді. Қазақстанда мол пайдалы қазбалар қоры бар. Мұның бәрі Германиямен және жалпы Еуропа Одағымен сауда-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға кең жол ашады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Германиямен арадағы аймақтық сауда-экономикалық байланыстарда Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, өзара қарым-қатынасты нығайту және оны жаңа деңгейге шығару жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

"Біз маңызды шикізат тауарлары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бүгінде сирек кездесетін металдарға әлемдік сұраныс ұсыныстан едәуір көп. Мемлекеттердің болашақтағы технологиялық дамуы осы үрдісті күшейте түседі. Қазақстан Орталық Азияның басқа мемлекеттері сияқты, Еуропа Одағына қажетті аса маңызды металдар мен минералдардың орасан зор қорына ие. Оларды бірлесіп өндіруде ғана емес, қайта өңдеу ісінде де бұл бағыттың перспективасы зор", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кездесу қатысушыларына жуырда германиялық HMS Bergbau компаниясының басшылығымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта литий өңдеу кешенін салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені жөнінде мәлімет берді. Инвестиция көлемі – 500 миллион доллар.

"Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымыз да мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Linde компаниясының карбамид өндірісіне арналған газды толық өңдеу жобасын жүзеге асыру бұл іске тың серпін береді. Инвестицияның жалпы көлемі 1,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр", – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, көмірсутегі шикізатын жеткізу, жаһандық азық-түлік  қауіпсіздігін күшейту, көлік-транзит және қаржы салаларындағы кооперация өзара қарым-қатынастың басқа да басым бағыттарының қатарына кіреді.

Президент кездесуге қатысушылардың назарын орнықты даму және жасыл экономика салаларында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына аударды.

"Қазақстан аймақтық климат мәселесін ілгерілетуге жан-жақты атсалысуға дайын. Біз неміс серіктестерімізді 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз. Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алдық. Алайда ол үшін бізге экономиканы айтарлықтай жаңғыртып, "жасыл" технологияға 600 миллиард доллардан астам инвестиция тарту қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзінің соңында аталған кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетіне сенім білдірді.


Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі, Германия, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 19:16

Сурет: akorda.kz


Жиында аймақ мемлекеттері басшыларымен қатар, Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер, сондай-ақ Linde, Knauf, Aurubis, German Seed Alliance GmbH, Ernst Klett AG және басқа да неміс компанияларының топ-менеджерлері баяндама жасады.

Бұған дейін Тоқаев машина жасаушы әлемдік жетекші компания басшылығымен кездескен болатын

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары 2023 жылдың 28 қыркүйегінде басталды.

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапарының екінші күнінде ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: