Тоқаев Германияның Федералдық канцлерінің ведомствосына келіп жетті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерінің ведомствосына келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц қарсы алды.
Санаулы минуттардан кейін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия канцлерінің кездесуі басталады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары 2023 жылдың 28 қыркүйегінде басталды.
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапарының екінші күнінде ГФР Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript