Алматыға жаңа прокурор тағайындалды
Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының келісімі бойынша Алматы прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Серік Кәріпбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркия Республикасының Стамбул университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Ол бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.
2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript