Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат: Уахабшылар бірқатар аймақта шағын бизнесті басып алып жатыр

Депутат: Уахабшылар бірқатар аймақта шағын бизнесті басып алып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 13:23 Сурет: unsplash
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи исламдық секта Қазақстанның біраз аймағында: әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде кең етек жайып, өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін басып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Қазақстанның премьер министрі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына депутаттық сауал жолдай отырып, кейінгі бірер жылда Ислам дінін жамылған жат ағымдар Қазақстан қоғамына әлеуметтік-тұрмыстық жарқышақ салып жатқанын айтты. Тіпті оның сөзінше қоғамның шырқын бұзып, мемлекеттік тұтастыққа ауыз сала бастаған жарқышақ қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ұлттық даму дәстүріне және мыңжылдық қазақи ислам салтына қарсы шабуылға айналған сыңай танытады.

Ермұрат Бәпи "мыңжылдық домбыраны харам қылуға жол бермейміз" деп қосты.

"Бұл теріс діни үрдіс саяси сипат алып бара жатқан жоқ па даган де қатер бар. Себебі халықтың кемшін діни білім-танымын пайдаланған теріс діни топ жанталасып, қоғамға жалған рухани құндылықтар мен бөтен дәстүрлерді сіңіру қамын жасап жатыр. Мысалы, парламент депутаты Ринат Зайытовтың азаматтық пікіріне қарсы шабуылдар осындай саяси қатердің сипатын сездірсе керек. Қоғамды арабтық-уахабтық діни ұстаным негізде бөлшектеуге бағытталған бұл әрекеттерге біздер – депутаттар жайбарақат қарап отыра алмаймыз! Біз мыңжылдық домбыраны харам қылуға жол бермейміз! Бұл әрекеттер елдің ұлттық құндылықтар жүйесі мен рухани негізіне жасалып жатқан шабуыл деп түсіну керек!" - деді депутат.

Депутаттың сөзінше, исламдық секта Қазақстанның біраз аймағында: әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде етек жайып барады. Бұл өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар – салафизм идеясына табынушылар басып барады.

"Теріс сектаның дамуына кеңінен мүмкіндік беріп, жан-жақты жағдай жасап отырған жергілікті билік өкілдері бар деген сөз. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік биліктің өз ішінде де уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті. Егер осы сөз қаңқу емес, нақты жағдай осылай болса, онда біздің тәуелсіз мемлекеттігімізге шынында да қатер төнгені. Иә, өркениет көшіне ерген біздің ел адам құқығын қадірлейді. Бұл – демократиялық принциптердің басты қағидасы. Бірақ сол еркін құқық бас бермей кетіп, біздің ұлттық және мемлекеттік діңімізді шайқалта бастаса, біз бұған көзжұмбайлықпен қарауға қақымыз жоқ! Ел Конституциясының талабы бойынша, мемлекеттің зайырлы даму болашағын әлдебір күштердің иемденіп кетуіне жол бермеуіміз керек!" Ермұрат Бәпи

Депутаттың айтуынша, Қазақтың ұлттық дамуына қатерлі уахабизм идеясын халықтың біраз бөлігіне сіңірген "ескі режим" елді әлеуметтік топтарға бөлу арқылы өзінің жеке дара билігін мейілінше ұзақ сақтауды көкседі. Бүгінде сол "ескі Қазақстан" қазақтың ұлттық дәстүріне жат діни идеология арқылы "Жаңа Қазақстанның" жасампаздық жолына кесекөлденең тұруға ниетті. Оның алғашқы қанды нәтижесі - Қаңтар оқиғасы. Теріс діни ағымға қарсы қоғамның белсенді өкілдері әр жерден бұрық еткен уахабшылық дабыраға қал-қадірінше тойтарыс беріп жатыр. Бірақ біз әрбір локалдық күрестермен төніп келе жатқан теріс діни қатерге қарсы тұра алмаймыз.

"Сондықтан ендігі жерде "мемлекет – діннен бөлек" немесе "дін – мемлекеттен бөлек" деп, сырттай бақылаушы болып, самарқау отыруға болмайды. Мұндай саяси тоғышарлық позиция біздің ұлттық тұтастығымыз бен мемлекеттік бірлігімізге бірте-бірте ор қазып жатқынын түсінетін кез келді. Құрметті, Әлихан Асханұлы! Осы орайда мәжіліс депутаттарының сізге жолдайтын бірнеше сауалы бар. Біріншіден, сіз және сіздің кабинетіңіз қалыптасқан күрделі жағдайды түйсініп отыр ма? Қоғамның діни негізде бөлшектену қаупіне қарсы іс-қимыл жоспары бар ма?", - деп сауал жолдады депутат.

Ермұрат Бәпи одан әрі мына сұрақтарды қойып, сауалын премьер-министрге жолдады:

  • Екіншіден, үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және уәкілетті органдар бірлесіп, теріс діни ағымдар тудырып жатқан ұлттық алауыздықты шұғыл тоқтатудың амал-әрекеттері ел президентінің назарына ұсынылды ма?
  • Үшіншіден, бұдан 12 жыл бұрын – 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қоғамдық қажеттігін көтеретін кез келген жоқ па?


"Төртіншіден, қалыптасқан осы қоғамдық жағдайда біз барлық күш-жігерімізді біріктіріп, ұлт бірлігі мен мемлекеттің тұрақты даму жағдайын сақтауға үкімет пен парламент мүдделі болуы керек деп есептейміз. Егер үкімет тарапынан қандай да бір тиісті құжат қабылдау бастамасы туатын болса, депутаттар оны қолдайды деген сенімім зор", - деп қосты депутат.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: