Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 12:16 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында ҚР премьер-министр Әлихан Смайылов жыл соңына дейін 2,5 ай қалғанын, экономиканың барлық саласында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсуі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,7% болды. Нақты сектор оң динамиканы көрсетіп отыр. Тау-кен өнеркәсібі мұнай және табиғи газ өндіру көлемінің өсуі есебінен 5,4% ұлғайды.

Қызмет көрсету секторы бойынша саудада – 10%, байланыста – 8%-тен астам, көлікте – 7% өсім қамтамасыз етілді. Тау-кен өндіруді есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі – 15,8%-ті құрады. 9 айдың қорытындысы бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде инфляция деңгейі 11,8%-ке дейін төмендеді.

"Құрметті әріптестер! Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек. Барлық жауапты мемлекеттік орган мен әкімдік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық азық-түлік өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы қажет", - деді Әлихан Смайылов.

Шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып, шикізаттық емес секторларда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге баса көңіл бөлу керек.


"Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша тиісті шараларды одан әрі жалғастыру қажет. Барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері жыл соңына дейін қаражаттың, оның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражаттың толық және тиімді игерілуін қамтамасыз етуі керек", - деп тапсырды премьер-министр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: