Қиын жағдайға тап болғандарға арналған "111" мемлекеттік бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды
Сурет: unsplash
Кешеден бастап тәулік бойы қызмет көрсететін "111" мемлекеттік бірыңғай байланыс орталығы (бұрын "АМАНАТ" партиясының жанынан жұмыс істейтін) жұмысын бастады. Бұл туралы үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл нөмірге кез-келген азамат қала нөмірлері мен ұялы байланыс операторлары арқылы тегін қоңырау шала алады. Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмектесу үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.
Сонымен қатар "111" бірыңғай сенім нөмірі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен бірге төтенше жағдайлар қызметтерінің тізіміне енгізілген. Мұндай шара - мүмкін болатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алып, азаматтарға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
"Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында министрлік тұрақты түрде сарапшылармен және ата-аналар қауымдастығымен, соның ішінде Әкелер одағымен, Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірлесіп жұмыс істейді", - делінген министр баяндамасында.
Бұған дейін Аида Балаева Қазақстанда кейінгі төрт жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан қанша адам қаза болғанын айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript