Смайылов АМТ 500 миллиард долларға сатылатыны туралы қауесетті жоққа шығарды
Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов "Мемлекет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны 500 миллиард долларға сатып алады, ол Лакшми Митталға төленеді" деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 1 қарашада ҚР парламенті мәжілісінің отырысында журналистер үкімет басшысынан сұрады.
"Бұл шындыққа жанаспайды. Тағы да айта кетейін, компанияны Қазақстанға беру шарттары туралы алдын ала келісімге сәйкес, біз қазір бұл келісімнің егжей-тегжейін аша алмаймыз. Олар транзакция аяқталған соң бәріне жарияланады. Бұл тура бір ай уақыт алады. Содан кейін барлық ақпарат қолжетімді болады."Әлихан Смайылов
Бұған дейін премьер-министр жаңа инвестор "АрселорМитал Теміртау" АҚ-ны жаңғыртуға кемінде 3 миллиард доллар инвестиция салуы керек екенін айтқан еді.
Қарағанды облысындағы "АрселорМитал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні сағат 02:33-те болған. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шыққан. Жер астында қалғандардың барлығы – 46 кенші қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript