Астанаға Режеп Тайип Ердоған келді
Сурет: primeminister.kz
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.
Сурет: primeminister.kz
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Бүгін Қазақстанға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript