Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің артып келе жатқан қауіп-қатерге қатысты мәлімдемелерін сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҰ, Минск, есірткімен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 19:05 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) шеңберінде есірткі және психотроптық заттардың енуінен қорғау жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыруды маңызды деп санайды. Бұл туралы 23 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Минскідегі аталған ұйымның саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ аясындағы серіктестердің әдеттегі қауіп-қатер деңгейінің ұлғаюына, соның ішінде есірткі, қару-жарақ айналымының, трансшекаралық қылмыс пен заңсыз миграцияның өсуіне қатысты алаңдаушылығына түсіністікпен қарайтынын мәлімдеді. Қазақстан ұйымға мүше мемлекеттермен бірге осы сын-қатерлерге алдағы уақытта да төтеп беруге әзір.

"Біз ҰҚШҰ қызметінің әдіс-тәсілі мен стратегиясын жолға қоя отырып, заманауи қауіп-қатер мен сын-тегеуріндерді міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төніп келе жатқанын, егер ондай қауіп болса да, оны үнемі айта берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Түптеп келгенде, қауіп-қатер әрдайым болған. Халықаралық қоғамдастықтың болмысы осындай. Бұл тақырыпты қайта-қайта көтеру, бізді әлдекімнен қорқатындай көрініс қалыптастырады. Мұндай мәлімдемелер мүлде қате түсінікке алып келуі мүмкін, тіпті қазірдің өзінде солай болып көрінеді. Қатысушы мемлекеттердің абырой-беделін және олардың әскери-саяси әлеуеті мен қуатын ескере отырып, ұйымның риторикасы қатал, әйтсе де белгілі бір деңгейде қисынды болуға тиіс. ҰҚШҰ беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің жетістіктерін паш етті. Бірақ алдымызда ұйымға мүше мемлекеттердің конструктивті мүддесіне сай келуге тиіс жаңа міндеттер тұр", – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның әлеуетін дамыту және сын-қатер мен қауіпке қарсы іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін бір жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Президент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ұйымға төрағалық ететінін және осы кезеңде басымдық берілетін бағыттарды кеңейтілген құрамдағы жиын барысында жеткізетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің аталған ұйымды қарқынды әрі теңгерімді дамытуға, барлық мүше мемлекеттің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: