Жаңалықтар тізбегі
0

Дубайдағы саммит: Президент Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды

Су тапшылығы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Дубай, саммит, ОА елдері, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 19:14 Сурет: unsplash
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 желтоқсанда Dubai Expo City көрме орталығындағы Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Орталық Азия елдерінде ауа температурасының 2,5 градусқа дейін жоғарылауы неге апарып соқтыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы, кеңірек айтқанда, халықаралық қоғамдастық климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтеді деп үміттенетінін, бірақ қаржыландыру – тек кедергілердің басы ғана екенін баса атап өтті.

"2050 жылға қарай жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуін шектей алғанымызбен, Орталық Азия елдері бәрібір температураның 2,5 градусқа дейін жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келеді. Бұл су тапшылығына, қатты ыстыққа, шөлге және экстремальды гидрологиялық құбылыстарға әкеп соқтырады. Сондықтан мұндай қиын жағдайдан қашып құтыла алмаймыз және оған бейімделуге мәжбүрміз", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қазақстан Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақыратынын жеткізді.

"Өздеріңізге мәлім, бір кездері Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі ішкі су айдыны болған. Қазақстан келесі жылы аталған қорға төрағалық етеді және осы мәселені шешу үшін барлық серіктесті жұмылдыруға үміттенеді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі сессиясы шеңберінде "Біртұтас су" атты бірінші тақырыптық саммит өтеді. Біз Франциямен бірге аталған жиынға тең төраға болатынымызға қуаныштымыз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент биылғы COP28 саммитінің табысты өткенін ескере отырып, барлық қатысушы мемлекетті 2024 жылдың маусым айында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.


"Форум климатқа қатысты осы өткір мәселелер бойынша мақсатты ынтымақтастықты СОР29-ға дейін жалғастыратын диалог алаңы бола алады", - деді Мемлекет басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: