Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дубай, саммит, жаһандық дағдарыс, климат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 19:25 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 желтоқсанда Dubai Expo City көрме орталығындағы Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде жаһандық дағдарыс жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 

"Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кетсек, 2023 жылы 30 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөзі алды. "Қазіргі геосаяси тұрақсыздық және энергетикалық қауіпсіздіктің болмауы да климат мәселесіне назар аударуды қиындатып отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ саммитте Мемлекет басшысы алдағы онжылдықта оңайшылықпен қол жете бермейтін маңызды минералдарды атады. Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылатыны белгілі болды. Сондай-ақ аталған саммитте Президент Қазақстан Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақыратынын жеткізді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: