Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит аясында Қазақстан қандай келісімдерге қол қойды
Сурет: akorda.kz
2023 жылы 2 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды
- Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жел электр станциясын (1 ГВт) салу жобасын жүзеге асыру туралы Үкіметаралық келісім;
- ҚР Үкіметі, "Ақтас Энерджи" ЖШС мен TotalEnergies компаниясы арасындағы "Жамбыл облысы Мирный кенті аумағында қуаты 300 мегаватт/600 мегаватт-сағат болатын энергия жинақтаушы аккумуляторлық жүйені пайдалана отырып, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын электр станциясын әзірлеу, салу және пайдалануға беру" жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ мен Біріккен Араб Әмірліктері Инвестициялар министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Qazaqstan Investment Corporation компаниясы мен ADQ арасындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
- "Самұрық-Қазына" АҚ мен ACWA Power компаниясы арасындағы энергия жинақтау жүйесі арқылы жиынтық қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісім;
- "Самұрық-Қазына" АҚ мен PresightAI компаниясы арасындағы цифрландыру және ақпараттық технология саласындағы жобаларды іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен AD Ports Group компаниясы арасындағы Қазақстанда кеме жөндеу және кеме жасау кәсіпорнын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Abu Dhabi Ports Group компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;
- "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "SAFC" ЖШС мен SEFE Marketing & Trading компаниясы арасындағы орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын тасымалдау туралы келісім.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript