Әлихан Смайылов ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық". Әлихан Смайылов
Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталғанын да баса атап өтті.
"Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін!". Әлихан Смайылов
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. "Бұл – халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тәуелсіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи кезеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді", - деді Президент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript