Смайылов Мәскеуде халықаралық көрме-форумға қатысты
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды.
Сурет: primeminister.kz
Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы қарашада жабдықтардың сынама партиясын шығару, 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сурет: primeminister.kz
Челябі облысының стенді аясында Қазақстанда бульдозер техникасы мен ауыл шаруашылығы тракторларының өндірісін локализациялау, сондай-ақ су және газ құбырларын шығаратын зауыт салу бойынша жобалар таныстырылды.
Сурет: primeminister.kz
Санкт-Петербург стендінде Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау және байыту фабрикаларының техникасын жаңарту бойынша жобалар ұсынылған.
Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар көрмені аралау кезінде Әлихан Смайылов пен басқа елдер делегацияларының басшылары Татарстан және Башқұртстан республикалары, Мәскеу облысы және басқа өңірлердің стендтерімен танысты.