Депутат Қазақстандағы бағаның өсуіне кінәлілерді атады
Сурет: Zakon.kz
25 желтоқсан күні мәжілісте өткен үкімет сағатында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев Қазақстандағы тауар бағасының қымбаттауына ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының иелері кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анас Баққожаев Сауда және интеграция министрінен оның ведомствосы елдегі ірі сауда орталықтарында қашан тәртіп орнатуды жоспарлап отырғанын сұрады.
"Бағаның көтерілуіне осы ірі сауда орталықтары мен сауда нүктелерінің иелері кінәлі. Олар мемлекет ішінде мемлекет құрды. Егер бұрын бутиктерді жалға алу құны 1м² үшін 4 мың теңге болса, қазір ол 21 мың теңгеден асып кетті. Соның салдарынан киім-кешек бағасы жылдан-жылға көтеріліп жатыр. Көптеген бутиктерде есептегіштер жоқ. Осыны пайдаланып, оларға коммуналдық қызметтер үшін үлкен шоттар ұсынылады. Бірақ жалға алу құнының өсуімен бірге олардан депозиттер де талап етіледі. Осылай (сауда орталығының иелері – ред. ескертпесі) еш қиналмай-ақ миллиардтаған табыс табады, бірақ сонымен бірге олар салықтан жалтару схемасын ойлап тапты: олар төлемді қолма-қол алады немесе бутиктерді қосалқы жалға алады. Сол арқылы жеке кәсіп ашты. Осылайша табысын жасырады", - деді депутат.
Арман Шаққалиев департаменттің республика бойынша сауда орындарына аудит жүргізе бастағанын айтты. Оның сөзінше, заңдарға қажет түзетулер енгізілді.
"Қазір заң бойынша субблингке жол берілмейді. Біраз жылдар бойы бұл мәселе бақылауға алынбады, өйткені құзыреті болмаған. Біз нарықты жаңғыртуға ерекше көңіл бөлеміз. Шағын бизнесті тексеруге мораторий біткен кезде салық органдарының тексеруге мүмкіндігі болады", – деп жауап берді Сауда және интеграция министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript