Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл қорытындысы: жаңа тұрғын үй құрылысы және ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту

Жыл қорытындысы: жаңа тұрғын үй құрылысы және ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 10:29 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметі Қазақстан халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту жұмысының биылғы нәтижесі туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында осы бағыттар бойынша нақты міндеттерді белгіледі:

  • – 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу;
  • – үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау;
  • – 40 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету;
  • – жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарда инженерлік коммуникациялар жүргізу жұмыстарын жандандыру;
  • – елді мекендердің 100%-ын сумен жабдықтау;
  • – жылумен және сумен жабдықтау, су тарту желілерінің тозу көрсеткішін 40%-ға дейін төмендету.

11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Осының арқасында 140 мыңға жуық отбасы үй жағдайларын жақсартты. Жалпы республика бойынша 134 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 32 мыңнан астамы – жеке тұрғын үйлер.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға артық. Құрылыс материалдарының отандық өндірісін ұлғайту саланы дамытуда маңызды саналады. Осы орайда 2027 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Ол құрылыс индустриясы саласындағы жалпы құны 1,8 трлн теңгеге жуық 270 жобаны қамтиды.

Биыл 73 млрд теңгеге 41 жоба іске қосылды. Олардың ішінде Қарағанды облысында бірінші сұрыптағы әк және Астанада асфальт бетонын өндіретін зауыттар бар. Сондай-ақ Абай облысында цемент зауыты қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Жетісу облысында қыш тақтайша өндірісі кеңейтілді. Астанада шатыр және қаптайтын материалдарды шығару жолға қойылған. Жақын арада Шымкентте 2 млрд теңге сомасына тағы 3 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы республикада құрылыс материалдарының өндірісі 10,2%-ға 1,03 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте жалпы көрсеткіште құрылыс материалдары сатып алынған отандық тауар өндірушілердің үлесі 62-ден 66%-ға дейін ұлғайды, бұл олардың ішкі нарықтағы позицияларының нығайғанын білдіреді.

Кезекте тұрғандарды қолжетімді әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында биыл 10,9 мың жалдамалы пәтер сатып алуға 104 млрд теңгеден астам, сондай-ақ несиеге берілетін 12,5 мың тұрғын үй салуға және сатуға 158 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. "Отбасы банк" 43,7 млрд теңге сомасына баспана алуға 2% жеңілдікпен 4,4 мың несие, сондай-ақ 32 млрд теңгеге 5% жеңілдікпен 2,7 мың несие берді. Бұл – "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары.

Бір-біріне өте жақын етіп үй салуға жол бермеу мақсатында 2024 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін бірыңғай қала құрылысы сараптамасының тетігі әзірленді. Енді әзірленген және түзетілген жобалар (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс жобалары) Мемқалақұрылыскадастырының ақпарат жүйесіне міндетті түрде тіркеліп, кешенді сараптамадан өтеді.

Үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту және құрылыстың ұзаққа созылу тәуекелдерін азайту үшін заңнамаға жаңа түзетулер әзірленді:

  • – үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр, бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді;
  • – құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр. Қазір бұл түзетулер – ҚР парламенті мәжілісінің қарауында.
"Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдерін жояды. "Жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік береді". Үкімет хабарламасы

Астанада осы жылдың басында 4 мыңнан астам үлескер қатысатын 16 проблемалық нысан аяқталмай жатқан. Биыл 3,6 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алды. Қалған үлескерлер кілтін 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында алмақ. Жалпы соңғы жылдары Астана бойынша мемлекеттің қатысуымен проблемалы саналған 120-дан астам көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, 14 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді.

Биыл 560 км жылу желілері, сондай-ақ 1,7 мың км сумен жабдықтау және су тарту желілері жөнделді. Жыл соңына дейін ел тұрғындарын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін 97,6%-ға дейін, оның ішінде қалаларда 98,8%-ға дейін, ауылдарда 96,3%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: