Тоқаев Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: akorda.kz
6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript