Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға ниет танытқан Қатар Әміріне алғыс білдірді

Президент қабылдауы, Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қатар Мемлекетінің елшісі , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 18:39 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдаған еді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: