Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
2024 жылы 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз", делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан жеделхатта.
Айта кетсек, бұған дейін қырғыз елінде сел жүріп, жеті адам қаза тапқаны, Ноқат ауданында ТЖ режимі жарияланғаны хабарланған. Кейіннен қаза тапқан азаматтар арасында қазақстандық балалар бары туралы белгілі болды. Кәмелетке толмаған екі жерлесіміздің қаза тапқаны және тағы екеуінің іздестіріліп жатқаны хабарланған. Көп ұзамай жоғалып кеткен екі қазақстандық баланың денесі табылғаны да хабарланды. Бүгін, 1 шілдеде ҚР құтқарушылары көрші елдегі селден қаза тапқан балалардың денелерін тасымалдау үшін Қырғызстанға ұшып барды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript