Әлемдік БАҚ Астанадағы ШЫҰ саммитін қай қырынан көрсетуде
CGTN Қытай порталының тілшісі Ванг Ивей (Wang Yiwei) ШЫҰ теңдік пен өзара тиімділік негізінде бейбітшілік пен жан-жақты ынтымақтастықты насихаттайды деп жазады.
"Ұлы державалардың көтерілуі мен құлдырауы – бұл тұрақты цикл. Өркениеттер қақтығысы туралы ескірген идеяларды, сондай-ақ қырғи қабақ соғыс пен нөлдік ойын менталитетін жеңе отырып, ШЫҰ жаңа халықаралық қатынастарды дамытуға және адамзат үшін ортақ болашақты құратын қоғамдастық құруға ықпал ететін жаңа типтегі халықаралық ұйымның үлгісі болды". Wang Yiwei
"Беларусь" Халықаралық радиосы директорының орынбасары Григорий Митюшников ШЫҰ тиімділігін атап өтті.
"Ұйым мүшелері "демократияны" қарумен қалыптастырмақ емес. Оның орнына олар өздерінің сенімділігін дәлелдеген және басқа геосаяси ойыншылардың құрметіне лайық өздерінің ғасырлар бойғы саяси мәдениеттері мен даму жолдарын қорғағысы келеді. "Шанхай рухы" интеграциялық процестерде негізгі рөл атқарады. Тіпті ШЫҰ сыншылары оның Азия аймағына тұрақтылық әкелетінін мойындайды". Григорий Митюшников
Тағы бір қытайлық Global Times газеті "Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары ШЫҰ-ға мүше елдердің қарым-қатынастарын дамытудың жаңа жоспарын айқындайды" деген мақаласын шығарды:
"Сейсенбі күні таңертең жүздеген жергілікті тұрғындар Астанадағы Бейжің мұнарасының жанында Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік туларын желбіретіп, Си төрағасын жылы қарсы алды. Олар "Сәлем!" деп айқайлады. Адамдар кортеж өтіп бара жатқан жолдардың бойында сап түзеп, қытай тілінде қошемет көрсетті".Global Times
Газеттер Шанхай ұлттық халықаралық алмасу және сот ынтымақтастығы институтының ғалымы Цуй Хэнгтің сөздерін келтіреді:
"Қытай мен Қазақстан зұлымдық күштерімен батыл күресу және жаңа түсті революциялардың алдын алу үшін қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайта алады". Cui Heng
Батыс басылымдары оқиғаны мүлдем басқаша сипаттауда:
Сонымен, The Guardian авторы Эми Хоукинс (Amy Hawkins) Қытай, Ресей және жаһандық Оңтүстік елдерінің көшбасшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымының "НАТО-ға қарсы" жыл сайынғы кездесуін өткізу үшін Қазақстанға келді деп жазады.
"Бұл саммит Қытайға АҚШ-тың үстемдік етпейтін "көпжақты" әлемдік тәртіпті орнатуға көмектеседі. Алайда, бұл форумда Қытай мен Ресейдің "стратегиялық серіктестігі" сынақтан өтеді, өйткені екі ел де Орталық Азияда ықпалға ие болғысы келеді". Amy Hawkins
The New York Times ҚХР мен Ресей "аймақтық көшбасшыларды басып өтіп, АҚШ басқаратын әлемдік тәртіпке балама ұсынады" деп мәлімдейді.
"Қытай бір кездері Кремльдің ықпалында болған Орталық Азиядағы елдер арасында үстемдігін жылдам кеңейтуде. Жаңа теміржол желілері мен басқа да инфрақұрылым нысандарының салынуы, сауда мен инвестиция нарығының өсуі соған айқын дәлел ". The New York Times
CNN тілшісі Нектар Ган баламалы әлемдік тәртіп тұжырымдамасын ілгерілетуге арналған "Қытай мен Ресейдің жетекшілігімен Еуразия елдерінің клубы" өз құрамын кеңейтіп жатқанын айтады.
"Беларуссияны Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау Бейжің мен Мәскеудің бұл бірлестікті аймақтық қауіпсіздік блогынан АҚШ пен олардың одақтастары басқаратын Батыс институттарына геосаяси тепе-теңдікке айналдыру жөніндегі кезекті қадамы болады". Nectar Gan
Сондай-ақ, Түркияның Анадолу агенттігі Астанада сөз сөйлеген Режеп Тайып Ердоған Түркия өз аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға ұмтылатынын мәлімдеді.
"Ердоған Түркия атысты доғару арқылы Ресей мен Украина арасындағы жалғасып жатқан қақтығысты тоқтату туралы консенсустың негізін қалауы мүмкін екенін айтып, екі тарапты да қанағаттандыратын әділ бейбітшілік бар екенін мәлімдеді". Anadolu Ajansı
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ - ға қатысушы елдердің алдына қойған басты міндетін алғашқылардың бірі болып атап өтті. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі.