Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Қалқабаев ҰҚК Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Марат Қалқабаев қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 12:36 Сурет: ҚР ҰҚК
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қалқабаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда 2024 жылдың 29 шілдесінде мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.

Қалқабаев Марат Өмірбекұлы:

Білімі:

Ф. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Октябрь революциясы орденінің Қызыл Ту мектебі (1989 ж.).

Мансабы:

1984-1995 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

1995-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

2013 жылғы қазаннан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

Жетістіктері:

ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: