Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан еліміздегі Ауғанстанның сенімді өкілін аккредиттеді

ҚР-дағы Ауғанстанның сенімді өкілі, аккредиттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 18:55 Сурет: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ауғанстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы Мохаммад Ур Рехман Рахманиді қабылдады. Бұл туралы 2024 жылы 21 тамызда ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Бақаев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойыша екі мемлекет үшін маңызды мақсатты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мохаммад Ур Рехман Рахманиді Ауғанстанның ҚР-дағы Сенімді өкілі ретінде аккредиттегенін мәлімдеді.

Ауғанстанның аймақтық қатынастарға белсенді араласуы ел экономикасын қалпына келтіруге, ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты, сондай-ақ аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосымша жағдай жасайды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ҚР-дағы Ауғанстанның сенімді өкілі, аккредиттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 18:55

Сурет: gov.kz

"Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету және күрделі гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді жақтайды. Осы мақсатта Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құруды ұсынды". ҚР СІМ баспасөз қызметі

Кездесу, Қазақстан, Ауғанстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 18:55

Сурет: gov.kz

Айта кетсек, 2024 жылы 3 маусымда Президент қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту екенін баса атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: