Жаңалықтар тізбегі
0

Қоғамдық саясат институты: респонденттердің 57,8%-ы АЭС салу жөніндегі референдумға қатысуға дайын

АЭС салу мәселесі, сауалнама, Қоғамдық саясат институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 17:40 Сурет: pixabay
Қоғамдық саясат институты 2024 жылы 4-5 қыркүйекте қазақстандықтар арасында АЭС салу мәселесі бойынша алда өткізілетін референдумға қатысты сауалнама жүргізді. Оған сәйкес, респонденттердің 57,8%-ы референдумға қатысуға дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық саясат институның мәліметінше, референдумға бір ай қалған уақыт ішінде халықтың аталған мәселе бойынша құлақтандырылуының жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Сауалнама кезінде респонденттердің 74,6%-ы 2024 жылы 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетіндігі туралы ақпараттан белгілі бір дәрежеде хабардар екенін көрсетті.

"Сіз АЭС салу бойынша өткізілетін референдумға барып, дауыс бересіз бе?" деген сұраққа респонденттердің берген жауаптары келесідей болып келеді:

  • 45,5% - қатысуға нық дайынбыз;
  • 12,3% – дауыс беруге барып қаламыз.

Жалпылай алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 57,8%-ы алдағы референдумға қатысуды жоспарлап отыр.

"Сіз Қазақстанда атом электр станциясы салуға келісесіз бе?" деген сұраққа респонденттердің басымы бөлігі (59,3%) қолдау тұрғысында жауап берді. Сауалнамаға қатысушылардың 28,3% - ы "жоқ, мен келіспеймін" деген жауап нұсқасын таңдаса, ал тағы 12,4%-ы атом электр станциясын салу бойынша өз ұстанымын әлі айқындамағанын айтқан.

Жалпылай алғанда, ел тұрғындарының осы мәселе бойынша пікірлері қалыптасу процесінде. Жалпы, респонденттердің 28,4%-ы сауалнама кезінде қандай да бір дәрежеде референдумға қатысуға ниеті жоқ екенін айтқан

  • 9,7% - бармайды; 
  • 18,7%-ы референдумға қатысатынын жоспарламағанын айтқан. Тағы 13,8%-ы референдумға қатысу бойынша әлі бір шешімге келмеген. 

* Сауалнама ҚР заңнамасының нормаларын сақтай отырып жүргізілді. 2024 жылы 4 қыркүйекте қоғамдық пікірді білу жөніндегі сауалнама өткізу үшін хабарламада тіркелді: ҚР ОСК № ОСК-08-18/1200.

** Зерттеу жаппай сауалнама жүргізу әдісімен жүргізілді. Сауалнамаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 облыстан 18 жастан асқан қала мен ауылдың 2000 тұрғыны қатысты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: