Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Германия арасында ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылданды

Қазақстан мен Германия арасында ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 16:25 Сурет: akorda.kz
16 қыркүйектегі келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені хабарланды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: