Жаңалықтар тізбегі
0

ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері бірқатар құжаттарды өзара келісті

Мұрат Нұртілеу, ТМД елдері СІМ басшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 20:33 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Олар 8 қазанда өтетін ТМД саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылады. 2024 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары бірқатар шешімдер мен саяси мәлімдемелер, оның ішінде Еуразиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзара іс-қимыл туралы мәлімдемелер қабылдады.

2010 жылғы 10 желтоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Достастық елдерінің қылмыстық-атқару қызметтері үшін кадрларды даярлау туралы келісім бекітілді.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер 8 қазанда Мәскеуде өтетін ТМД саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын құжаттардың жобаларын келістірді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: