Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда
2024 жылы 23 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", деп жазылған жеделхатта.
Айта кетсек, бүгін Түркия астанасында теракт болғанын жазған болатынбыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, теракт салдарынан бес адам қаза тауып, 22 адам жарақат алған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript