Тоқаев Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.
Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдаған болатын.