Тоқаев Палестина президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 қарашада Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысқаны хабарланған. Форум барысында президент агроөнеркәсіп саласының бір топ өкіліне мемлекеттік наградалар табыстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript