Жаңалықтар тізбегі
0

Новак Джокович: Қазақстанды бағаламауға болмайды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 20:55 Сурет: ҰОК
Айта кетейік, Қазақстан – Сербия матчы 21.00-де басталады.

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы, әлемнің үздік теннисшісі, серб Новак Джокович Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстанмен өтетін матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан мен Сербия құрамалары 1 желтоқсанда Австрияның Инсбрук қаласында кездеседі. Михаил Кукушкин кортқа бірінші болып шығады, ал оның қарсыласының есімі матч алдында белгілі болады. Серб жасағының капитаны Виктор Троицки алғашқы жүздіктен үш теннисшіні ерекше бөлектеп көрсете алады. Бұл Душан Лайович (33), Филип Краинович (42) және Миомир Кечманович (69) болуы мүмкін. Содан кейін алаңға екі команданың көшбасшылары Александр Бублик пен Новак Джокович шығады.

Олар – өз тобында топ жарғандар. Арасында Бублик бар, ол жан-жақты әрі мықты ойыншы. Командада бұрыннан келе жатқан ардагер Кукушкинді де атай кету керек. Әлі есімде, онымен Сербияда Дэвис Кубогы үшін бес сағат бойы ойнағаным, өте мықты қарсылас. Екеуі күшті жұп, жете бағаланбай жүр. Сондықтан біз ширек финалға шығып алғанымызға қуаныштымыз. Новак Джокович

Өз кезегінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әр сәтті бағамдап, кезекті ойынға дайындалып жатыр.

Әлемнің бірінші ракеткасы болу үшін емес, Сербия командасымен арадағы ойын үшін дайындалып жатырмыз. Бірінші кезекте біз – командамыз, екі ұпай алуымыз керек. Оны кім алады, бұл аса маңызды емес. Бастысы, жеңіс. Александр Бублик

Айта кетейік, Қазақстан – Сербия матчы 21.00-де басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: