Бейжің-2022: қазақстандық шаңғышылардың скиатлондағы нәтижесі
Сурет: olympic.kz
Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысқан болатын.
Қазақстандық Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған.
Тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript