Түркияда өткен турнирде қазақстандық балуан топ жарды
olympic.kz сайты жазғандай, Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды.
55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Осы салмақтағы Марлан Мұқашев қола жүлде үшін күресте қарсыласына жол берді.
63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ.
67 келідегі Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымдарда ұтылған.
87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық балуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қола медальдан айырылып қалды.