Қазақстан құрамасы алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалына шықты
Сурет: ktf.kz
16 сәуірде Қазақстан мен Германияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Анжелика Кербер Билли Джин Кинг кубогында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Билли Джин Кинг кубогының екінші ойын күні екі команданың көшбасшылары – Елена Рыбакина мен Анжелик Кербер арасындағы жеке разрядтық кездесумен басталды. Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте оларды тек екі орын ғана бөліп тұр. Қазақстандық спортшы 19-шы орында болса, ал неміс теннисшісі - 17-ші орында.
Бастапқы сетте Анжелик Кербер жеңіске жетті - 6:4, Елена Рыбакина екінші партияда есепті теңестірді - 6:3, ал ойынның шешуші бөлігінде қазақстандық ойыншы жақсы өнер көрсетіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан есепті 3:0-ге жеткізіп, Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңіне жолдама алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript