Алматыда 1 мамырда веложарыс өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылы жабылады
Сурет: Zakon.kz
Қатысушылар Әл-Фараби даңғылымен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына қарай 8 шақырым жол жүреді. Салтанатты ашылудан кейін іс-шара "Нұрлы-Тау" БО көлік тұрағында басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға 1500-ден астам әуесқой спортшылар қатысады деп күтіледі.
Велошеруге қатысушылардың жиыны сағат 7.30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының аумағында өтеді, сағат 8.00-де тіркеу және бастапқы нөмірлерді алу жоспарланған. Сағат 9.00-де веложарыс басталады.
әл-Фараби даңғылы бойында 1 мамыр күні сағат 7.00-ден 11.30-ға дейін көлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript