Жаңалықтар тізбегі
0

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлттық ұлан сарбазы күміс медаль еншіледі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 23:00 Сурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан отандасымыз Еламан Қойшыбаев күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні қазақ күресінен алты салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтауда дода қыза түсті. Айта кетсек, бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 60-тан астам балуан келген, оның 19-ы - бұрымдылар.

Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 23:00

Сурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Еламан Қойшыбаев келісімшарт бойынша Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде қызмет етеді. Ол жедел мақсаттағы батальон құрамында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етеді. Жарыста Еламан Үндістан, Түрікменстан, Иран және Әзірбайжан балуандарына қарсы төрт жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Балуан, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 23:00

Сурет: Еламан Қойшыбаев/ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Мен бала кезімнен спортпен айналысамын. Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери борышымды өткеріп жатырмын әрі спорттық жарыстарға дайындаламын. Әрбір азамат – өз Отанын қорғау үшін физикалық тұрғыда әрдайым дайын болуы керек деп санаймын. Ұлттық гвардия қолбасшылығы маған үнемі қолдау көрсетіп, спортпен шұғылдануыма жағдай жасап отырады. Бүгінгі жеңісімді командирлеріме арнай отырып, оларға алғыс айтқым келеді, - дейді Қойшыбаев.

Қазақша күрес - қазақтардың ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі. Ол 1938 жылдан бастап республикалық жарыстар бағдарламасына енгізілді. 2016 жылы ЮНЕСКО қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізді.

Жеңімпаздарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: