Қатар әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер үшін айықтыру орындарын ашады
Сурет: Instagram/qatar_2022.f
Биыл футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар жанкүйерлердің алкоголь пайдалануына қатысты ұстанымын айтты. Қатарда ішімдікке тыйым салынғанымен жанкүйерлерге оны арнайы орындарда ішуге рұқсат етілді. Елде жанкүйерлердің айығуы үшін арнайы орындар да жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатарда өтетін әлем чемпионатына байланысты алкоголь сататын жерлер ашылды. Олар стадиондар маңында және жанкүйерлер аймақтарында орналасқан. Бірақ қоғамдық орындарға мас күйде шығуға тыйым салынады.
Тәртіп бұзушылар ұсталып, арнайы айықтыру пунктіне жіберіледі. Бұл туралы SkyNews жазды.
Алкоголь ішкен адамдардың сауығуына көмектесу жоспарда бар. Ондай орындар адамдарға қауіпсіз және олардың ешкімге зияны тимейтіндей болуы үшін ұйымдастырылады.2022 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Нассер Әл-Хатер
2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтеді. Әлемдегі басты футбол турнирінің басталуына 37 күн қалғанда матчтарға билеттердің 95%-ы сатылып кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript