Ту үшін "күрес". Түркияда жеңімпаздарды марапаттау кезінде тартысты оқиға орын алды
Сурет: Zakon.kz
17 қазанда Түркияның Анталия қаласында армрестлингтен Әлем чемпионатында жеңімпаздарды марапаттау кезінде тартысты оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша 50 келіге дейінгі санатта отандық қос спортшы екінші және үшінші орын алды, ал бірінші орын Түркия азаматына бұйырды.
Күш сынасу аяқталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі басталды. Бірақ күрес жеңімпаздар мінберінде де өз жалғастығын тапты. Жеңімпаздар өз мемлекетінің Туын желбірету үшін мінберде өзара таласты.
Айта кетсек, отандастарымыз Диана Түкова - ІІ-орын, ал Дана Асанова ІІІ-орын иеленді. Алтын медаль Түркия өкілі Чаглаян Деря Джеренге бұйырды. Қыздар жарыста сол қолымен күш сынасты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript