Ерғали Шәмей пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алды
Сурет: Instagram/committee_sport
Қазақстандық пара дзюдошы Ерғали Шәмей команда қоржынына алтын медаль салды. Ол Бакуде (Әзірбайжан) өткен пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерғали финалдық белдесуде 73 келі салмақта Германия спортшысы Сасс Леннартты жеңді. Осылайша, Ерғали Шәмей Қазақстан құрамасының қазынасына пара дзюдодан әлем чемпионатының екінші "алтынын" қосты.
Оның алдында 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек финалда Франция спортшысын жеңіп, үздік шыққан-ды.
Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript