Жапония Германия құрамасын ұтып кетіп, әлем чемпионатында екінші сенсация тіркелді
Бірінші таймда Германия құрамасы бірден шабуылдап, жапондықтардың қақпасы маңында бақ сынады. Бірақ, тек 33-ші минутта және 11 метрлік стандарттық доп тебу кезінде сәттілік туып, олар суырылып алға шықты. "Ман Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гүндоған пенальтиді сәтті жүзеге асырды.
Сурет: fifa.com
Алайда екінші таймда жапондық құраманың ойын өрнегі мүлде өзгеріп шыға келді, кездесудің аяқталуына 15 минут қалғанда қарсыластарын астан-кестен кетті. Алдымен Рицу Доан ұпайды теңестірді, содан кейін Такамуто Асано азиялықтарды алға шығарды. Есеп - 2:1. Осы есеп ойынның соңына дейін еш өзгеріссіз қалды.
Осылайша, екінші күн қатарынан азиялық командалар, атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Жапония аты аңызға айналған Аргентина мен Германия сияқты алыптардың аяқтарын аспаннан келтіріп, тәубелеріне түсірді.