Футболдан ӘЧ-2022: Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары да тең түсті
Оңтүстік америкалықтар ойынның бірінші жартысында гол соғу мүмкіндігіне ие болды, өйткені жартылай қорғаушы Федерико Вальверде бұрыштан доп соғып, ал қорғаушы Диего Годин оны басымен ұрды, бірақ былғары доп корейлер қақпасының штангасына тиді.
Екінші таймда Уругвай құрамасы тағы бір мүмкіндікті жіберіп алды. Бұл жолы да корейлерге қақпаның темірі "көмектесті". Мадридтің "Реал" ойыншысы Вальверде соққан доп қақпаға кірмеді.
Осылайша, Уругвай мен Оңтүстік Корея 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында тағы бір тең ойынды көрсетті, бұл - төртінші тең ойын.
H тобының тағы бір ойыны - Португалия мен Гана командалары арасындағы матч 24 қарашада, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.