Футболдан ӘЧ қожайыны - Қатар құрамасы екінші ойында да жеңіліске ұшырады
Сурет: twitter/fifaworldcup
Футболдан Қатар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынында да жеңіліске ұшырады. 2022 жылғы Әлем чемпионатының екінші турында олар 1-3 есебімен Сенегал командасына жол берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Африкалықтар бірінші таймның соңында Булайе Дианың арқасында есепті ашты. Үзілістен кейін Сенегал ойыншылары өз артықшылығын екі есеге арттырды, Фамар Дьеди гол соқты. Кездесудің аяқталуына 12 минут қалғанда қожайындар қарсыласының қақпасына бір доп тоғытты. Осылайша Мұхаммед Мунтари әлем чемпионаттары тарихында Қатар құрамасы сапында соғылған алғашқы доптың авторы атанды.
Бірақ сәлден кейін сенегалдық ойыншы Бомба Дьенг тағы да басымдықты арттырды. Есеп - 3: 1.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript