Футболдан ӘЧ-2022: Месси Аргентина құрамасының алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді
Атақты "ПСЖ" клубының шабуылшысы Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентина – Мексика матчының үздік ойыншысы атанды. 35 жастағы аргентиналық ең бірінші болып осы ойында есеп ашты, ал матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Энцо Фернандеске гол соғып, кездесуді 2:0 есебімен түйіндеді.
"Бүгін жеңіске жету керек болғанбыз, ол қолымыздан келді. Сәрсенбіде тағы бір финал болады. Осы қалпымыздан танбай, доданы жалғастыруымыз керек. Алға, Аргентина!" Лионель Месси
Топтық кезеңнің соңғы және шешуші матчында аргентиналықтар 30 қарашада кіші топтың көшбасшысы Польшамен ойнайды.
"Мексиканы жеңу бізге оңай болған жоқ, құрған өз тактикамызды жүзеге асыру тек екінші таймда мүмкін болды. Осы қарқынмен тоқтаусыз ұпай жинауды бізге жалғастыру керек. Әрбір келесі матч - финал, қателіктерге жол бермеуіміз қажет. Бізге нәтиже керек болды және оған қиын жағдайларда қол жеткіздік. Біздің команда бүтіндей барын салып, өзін көрсетуге тырысты, бірақ алда тағы бір қиын матч тұр. Оған да мықтап дайындалатын боламыз". Лионель Месси
Үшінші тур алдында Аргентина құрамасы қоржынында Сауд Арабиясы құрамасы сияқты үш ұпаймен толыққан. Ал Польшада төрт ұпай бар, мексикалықтар бір ұпаймен турнир кестесін қайырды.
Соңғы турда 30 қарашада Аргентина-Польша және Мексика-Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі. Бұл ойындар Астана уақыты бойынша сағат 01: 00-де басталады. Аталған төрттіктің 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндігі бар.