Футболдан ӘЧ-2022: Гана құрамасы Оңтүстік Кореяны ұтып кетті
"Саутгемптон" ағылшын командасының орталық қорғаушысы Мохамед Салисудың дәл соққан добының арқасында Гана құрамасы бірінші болып есеп ашты. Біраз уақыттан кейін "Аякстың" жартылай қорғаушысы Мұхаммед Кудус өз командасының артықшылығын екі есеге арттырды. Осындай нәтижемен бірінші тайм аяқталды.
Алайда, екінші таймда корейлер алаңға тас-түйін көңіл-күймен шықты, оны үш минут ішінде екі допты жіберіп алған Гана футболшылары бірден сезді.
Оңтүстік Кореяның ең мықты шабуылшыларының бірі Чхо Кю Сун Гана қақпасына екі рет гол соқты – 2:2. Осылайша корейлер біраз сабасына түскендей болды әрі қорғаныстағы қателігі үшін де жазаланып үлгерді. Тағы да бәз-баяғы Кудус ерекше көзге түсіп, африкалықтарға аса зәру жеңісті жұлып әперді. Есеп - 3:2.
Н кіші тобының тағы бір кездесуі 29 қарашаға қараған түні - сағат 01:00-де "Лусаил" стадионының алаңына Португалия мен Уругвай құрамалары арасында өтеді.