Жаңалықтар тізбегі
0

Әлем чемпионатындағы айқай-шу: Уругвайдың футболшыларына қатысты іс қозғалды

Әлем чемпионатындағы айқай-шу, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 00:15 Сурет: видеодан алынды
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін төрешілерге тап беріп, оларды балағаттаған Уругвай құрамасының футболшылары жазаланатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ең аз дегенде олар 5,3 мың доллар көлемінде айыппұл арқалайды. ФИФА кодексіне сәйкес, спорт шенділерін қорлағаны үшін салынатын айыппұлдың ең төменгі көлемі 5,3 мың долларды құрайды, егер бұзушылық БАҚ немесе әлеуметтік желілер арқылы таралатын болса, онда бұл сома төрт есеге артады, деп жазады championat.com.

Айта кетсек, Уругвай құрамасының ойыншылары Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ортаң белінен шығып қалғандарына қатты ашуланған. 3-турда Гана құрамасымен болған ойыннан кейін (2:0) олар бас төреші Даниэль Сибертпен дауласқан. Қорғаушы Хосе Мария Хименес алаңнан кетіп бара жатқан төрешіні ұстап қалу үшін, тіпті жолындағы ФИФА өкілі Колин Смитті шынтақпен қағып жіберген.

Ол және оның жанындағы тағы бірнеше футболшы өз шабуылдаушылары Эдинсон Каваниді африкалықтар шалып құлатқаннан кейін пенальти тағайындамағанына наразы болып, дауласқан. Кейінірек Хименес ФИФА өкілімен ашықтан ашық қызыл кеңірдек болады.

"Каванидің қатысуымен болған жағдайда пенальти тағайындалу керек болатын, өйткені оны құлатып кетті. Бұл - ақталу емес, бірақ қазылар комиссиясы бұл эпизодқа қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме беруі керек". Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Хименестің судьяларды балағаттаған видеосы пайда болды. "Олар [судьялар] - қарақшылар тобы, жезөкшеден туғандар. Иә, жазып алыңдар мені. Жезөкшеден туғансыңдар", деп шырылдайды Хименес.

Кавани трибунадан тыс бөлмеде тағы көзге түсті. Форвард ашуланып, var мониторын еденге құлатып алған.

Шенеуніктер Уругвай футбол қауымдастығына қарсы 11-бап (қорлау және әділ ойынның негізгі құндылықтарын бұзу), 12-бап (ойыншылар мен менеджерлердің теріс қылықтары) және 13-бап (кемсітушілік) бойынша тәртіптік іс ашқаны туралы қысқаша мәлімдеме жасады. Сонымен қатар Хосе Мария Хименес, Эдинсон Кавани, Фернандо Муслер және Диего Годиннің мінез-құлқын қарастыратын іс өндіріске жіберілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: