Португалия құрамасының бас бапкері: Роналдуды өз жайына қалдырыңдар...
Сурет: Instagram/portugal
Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш ұлттық құраманың форварды Криштиану Роналдуға қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Швейцария құрамасына қарсы ойында Роналду резервте қалуға мәжбүр болғанына наразылық білдірген, бірақ ұлттық құрама сапынан кету ойы жоқ, деп жазады Marca.
Роналду ешқашан командадан кеткісі келетінін маған айтқан емес. Көрмейсіздер ме, қарым-қатынасын, гол соғылғанда ол өз командасындағы жігіттермен бірге қуанып, жанкүйерлеріне алғыс айтып жатады. Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш
Сондай-ақ жаттықтырушы БАҚ-тан Роналдуды жайына қалдырып, тыныштық беруді сұрады.
Бұған дейін Record газеті Роналду Швейцариямен болған ойында бастапқы құрамға алынбағаны үшін "командадан кетемін" деп Сантушқа қоқан-лоқы көрсетті деп жазған еді. Осыдан кейін Португалия футбол федерациясы бұл мәліметті теріске шығарып, Роналдудың ұлттық құрамаға адал екенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript